Президент кубогы Оңтүстікте алғаш рет. Жасөспірімдер арасында халықаралық футболдан тоғызыншы мәрте өткелі отырған бұл турнир спорттың жекелей түрлерін дамытуға бағытталған. 5 күн бойы өзара бақ сынайтын 8 елдің құрама командасы жүлде үшін таласқа түседі. Халықаралық турнирдің жүлде қоры қомақты. Жарыс нәтижесінде 3-орын алған командаға 3 мың АҚШ доллары берілсе, 2-орын алған командаға 5 мың АҚШ доллары бұйыратын болады. Ал турнирдің жеңімпазына 7 мың АҚШ доллары дайын тұр. Сондай-ақ, турнир аясында ұйымдастырушылар алқасы тарапынан «Үздік төреші», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Турнирдің Үздік мергені» және «Үздік ойыншы» аталымдары да белгіленген. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан Футбол федерациясының ұйымдастыруымен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен қолға алынған спорттық іс-шараға Албания, Әзербайжан, Иран, Рессей-2, Қырғызстан, Тәжікстан, Крузейро-Қазақстан және Қазақстан футбол командалары қатыспақ. Ал ойындар «Тассай» шағын ауданындағы «БИІК» спорт кешенінде, күнделікті сағат 10:00-17:00 аралығында өтеді.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...