Темір дәуірінен бері сақталып келген алтын адам — Оңтүстікте. Яғни, Есік өзенінің сол жақ жағалауынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі осы уақытқа дейін Астана қаласындағы ұлттық мұражай қоржынында сақтаулы болған еді. Ал, енді ел егемендігінің 25 жылдығы қарсаңында ұлттық құныдылығымызды дәріптеп, жастардың бойына рухани патриоттық сенім ұялату мақсатында әр аймақтың халқына таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Өңір халқы мен тұрғындары бұл күні таңғы сағат 10.00- ден түнгі 12- ге дейін Тәуелсіздігіміздің символы саналатын алтын адамды көру мүмкіндігіне ие болды. Есік қорғанынан 1970 жылдары сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылып, тарихымыз тағы бір жаңғырып, құныдылығымыз оралған еді. Алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін архелог К. Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, «Алтын адамның» Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енгені де алтын адамның біздің құнды байлығымыз, құнды жәдігеріміз екенін аңғартады. «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген мәдени тур біздің өңірде бір тәулік болады. Мәдени саяхат осы уақытқа дейін Орал Ақтөбе, Атырау мен Ақтауды аралап келсе, енді зерделі тарихымыздан сыр шерететін құндылық біздің өңірде Оңтүстік тұрғындары құнды байлығымызды, рухани дүниемізді көруге мүмкіндік алды. Яғни бұл күні халықтың қарасы қалың болды.
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...