Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен, конкурстық іріктеу негізінде, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Рақымберді Жанысбекұлы Мулкеманов тағайындалды.
Рақымберді Жанысбекұлы Мулкеманов 1975 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы мал шикізатын тауарлаушы инженер, қаржы және кредит, құқықтану бакалавры.
Еңбек жолын 1997 жылы «Қырғызмұнайзат» МАҚ-ның Токмак мұнай базасының экономист-менеджері ретінде бастаған.
1999-2009 жылдары жекеменшік секторда жауапты және басшы лауазымдарда қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының кәсіпкерлік, экономика және қаржы бөлімдерінің бастығы болып еңбек еткен.
2012 жылғы мамыр айынан Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.