• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖҮЗІ ЖАРҚЫН ЖҮЗ КҮН

22.07.2016
0

Арман Абдуллаевтың Шардара ауданының тізгінін ұстағанына жүз күннің жүзінен асты. Осыған орай аудан басшысы журналистермен жүздесіп, сұхбат берді. Журналистер тарапынан «Алғашқы жұмысты неден бастадыңыз?», «Аудандағы проблемаларды шешу жолдары қандай деп айтар едіңіз?», «Алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз?» деген сауалдарға нақты дәлелдермен, мысалдармен жауап қайтарып отырды.

Алғашқы жұмысты шалғайдағы Достық және Ақшеңгелді ауылдық округтерін аралап, танысудан бастаған Арман Айдарұлы мұнан кейінгі кезекте Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзыната, Көксу, Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауылдарына барып шықты. Қаладағы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды асықпай аралап, жай-күйлерімен жете танысты. Танысу барысында ауыл және қала тұрғындарымен жиын өткізіп, маңызды деген проблемаларын тыңдаған еді.

— Ауыл мен қаланы жеке-жеке аралағандағы мақсатым –тұрғындармен таныса отырып, аудандағы проблемалық мәселелерді көзбен көріп, құлақпен есту болды. Жүздесуде айтылған, көтерілген мәселелердің бәрін қағазға түсіріп, кейіннен арнайы жоспар түздік. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініш-тілектер мен ұсыныс-пікірлердің шешу жолдарын қарастырып, ол бойынша жұмыс жүргізілді, — деді Арман Абдуллаев.

Аудан әкімінің алғашқы жұмыс сапары кезіндегі жиынға жалпы 2722 тұрғын қатысыпты. Кездесуге келген аудан тұрғындары әкімнің назарын ең өзекті деген мәселелерге аударып отырды. Әр ауылдың өздеріне тән проблемаларын ауыл билері мен ақсақалдар қауымы, көп балалы аналар мен басқа да азаматтар орынды көтеріп,  аудан басшысынан оң шешіп берулерін өтінді. Ұсыныс-талаптардың басым көпшілігі ауыз су, тұрғын үй, автокөлік жолдары мен ауыл көшелерін жөндеу, білім сапасын арттыру, емхана қызметін жандандыру, мәдениет ошақтарын жөндеу, елді мекендерді газдандыру мәселелері төңірегінде айтылды.

Тиісті мамандардың сараптауы бойынша түскен ұсыныстардың 22 пайызы коммуналдық мәселелер, 18 пайызы ауылшаруашылық мәселелер, 13 пайызы әлеуметтік мәселелер, 8 пайызы экономикалық мәселелерді құраса, 39 пайызы өзге де әртүрлі мәселелерді құрайды. Тұрғындар тарапынан аудан әкіміне 62 ұсыныс-пікірлер түскен. Осынау ұсыныстардың бүгінгі таңда 32-сі орындалып, оң шешімін тауып үлгерді. Тағы да 30-ы орындалу үстінде, аталған тапсырмаларға арнайы іс-шара жоспары жасалып тиісті бөлім, қала, ауылдық округтерге таратылып берілген.  Қалған   ұсыныс-пікірлер жылдың соңына дейін орындалмақшы.

-Әлеуметтік нысандарды аралаған кезде біраз кемшіліктерді байқадым. Мысалы, мектептердегі компьютерлердің жағдайы мүлдем сын көтермейді. 2006 жылы алынған лингафон кабинеттерінің құрал-жабдықтарының мерзімі өтуіне байланысты жұмыс істемейді. Мұның барлығы жаңартуды қажет етеді. Жаңадан 11 мектепке лингафондық кабинет керек. Қазіргі таңда 56 млн теңгені  мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға бөліп отырмыз, — деді Арман Айдарұлы.

Бүгінгі таңда Елбасының барлық деңгейдегі әкімдерге қойып отырған талабы халықпен бірге болу, олармен қоян-қолтық араласа жүріп елге қызмет ету. Аудан басшысы Арман Айдарұлы әкімдік қызметке кіріскелі азаматтармен ашық  жұмыс істеп, тұрғындардың талабын барлық уақытта тыңдауға әзір екенін білдіріп келеді. Жуырда ғана аудандық «Өскен өңір» газетінде әкімнің азаматтарды жеке қабылдауы төрт сағатқа созылғаны туралы жазылды. Мұнан бөлек өтініш айтқан азаматтардың үйлеріне арнайы барып, мәселелерімен танысып, шешу жолдарын қарастырып беруде. Шілде айының басында «Тұңғыш Президент» саябағындағы жазғы сахна алаңында Арман Айдарұлы аудан жастарымен де арнайы кездесу өткізді. Ашық сұрақ-жауап негізінде өткен кездесуде жастар тарапынан аудан басшысына түрлі тақырыпта сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Мұнан басқа, әр сенбі сайын тұрғындарды өзі аралап, қала тазалығына жұмылдырып келеді. Аудан әкімінің өзі тікелей «Шардара – таза қала!» атты үндеу жариялап, барша   тұрғындарды  Шардара қаласын әсем де таза қалаға айналдыруға шақырды.   Тұрғындармен осылайша тығыз қарым-қатынаста болу халықтың әкімге деген сенімін арттыра түсетіні сөзсіз.

Елімізде орта және шағын бизнеске кең жол ашылып отыр. Азаматтар кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін ешқандай кедергі болмауы қажет. Арман Айдаұлының алғашқы қолға алған жұмысының бірі – ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін облыстағы барлық қаржы институттары өкілдерін Шардараға арнайы шақырып, тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Шардаралық шаруалар мен кәсіпкерлерге «Максимум» АИО ЖШС-і басқарма төрағасының орынбасары Дәулетқожа Мамыров, «Ырыс» ЖШС-і директорының орынбасары Шыңғыс Мұқанов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ының аудандағы өкілі Мұрат Есенбеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ы өкілі Сабыржан Ысқақов, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы ОҚО бойынша филиалының менеджері Нұрсұлтан Жүзбаев несие алудың жолдары мен тәртіптері, заңдылықтары жөнінде тәптіштеп түсіндірді.

Енді аудан бюджетінің орындалуы мен кәсіпкерлік, индустриалды аймақ, ауданға инвестиция тарту салалары бойынша жарты жылдықта атқарылған шаруаларды цифрмен сөйлете кетелік.

Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің 2016 жылғы  6 айдағы жоспары 988,2 млн. теңге болып, нақты түскені 1 683,2 млн. теңге, яғни жоспар  170,3  пайызға  орындалды. Салықтардың барлық түрінен жоспар толық орындалған.  Шығыстар жоспары 2016 жылдың 6 айында  6 678,3 млн. теңгені құрап, оның 6 649,5 млн. теңгесі игеріліп, жоспар 99,5 пайызға орындалды.

2016 жылға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша  облыс әкімдігімен жасалынған үшжақты келісімге сәйкес, 14 жобаға қолдау көрсетіп іске асыру межеленген, бұл межені орындау  бағытында  жыл аяғына дейін  тиісті жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда бағдарлама  шеңберінде жеке кәсіпкер Е.Өтесінов ауылшаруашылық техникаларын модернизациялау жобасы бойынша облыста өткізілетін конкурстық грантты жеңіп алды. Сонымен қатар, 6 жеке кәсіпкердің құжаттары екінші деңгейлі банктерге жинақталуда және 1 кәсіпкердің инфрақұрылымды жүргізу бойынша құжаттары сараптамадан өткізіліп, өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына салалық, экономикалық қорытындылар алынуда.

Қазіргі таңда кәсіпкерлер мен мен шаруаларды қолдау бағытында көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыруға «Ырыс» МКҰ арқылы жалпы сомасы  331,2 млн теңгені құрайтын 204 жобаның құжаттары несие комитетінде мақұлданды.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы  «Жұмыспен қамту жол картасы-2020 бағдарламасының 2 бағыты бойынша мал шаруашылығын дамытуға және шағын кәсіпкерлікті қолдау  мақсатында шағын несие алуға ұсыныс білдірген  45 тұлғаның құжаттары дайындалып, 112,7  млн. теңгеге несие комитетінен мақұлданып,  қаржыландырылды.

женис 4

Индустриалды аймақ аумағында қазіргі таңда 3  жоба  орналасып, іске асырылуда. Оларды атап айтатын болсақ, «Ақжол 2008 ЛТД» ЖШС-нің қамыстан гофрланған картон дайындау, «Seikhun» ЖШС-нің композиттік өнімдер шығару өндірістері және жеке кәсіпкер Ш.Арыновтың газоблок дайындау цехы.

Ет өнімдерін өндіру, өңдеу, экспортқа шығару бағытында индустриалды аймаққа орналасып, жобаны іске асыруға  Астана қаласының «Ақнұр ЛТД» ЖШС кәсіпорны  қызығушылық танытуда. Қазіргі таңда облыс, аудан әкімдіктерімен келісімдер жасалынуда.

 Ауданда күн энергиясын өндіруге неміс-қазақ бірлескен кәсіпорын «Промондис Қазақстан» компаниясы қызығушылық білдіруде. Жобаның құны 30,0 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі таңда жер телімі таңдалып, меншік иелерімен тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылдың  1 жартыжылдығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 11689,2 млн.теңгені құраған. Оның ішінде мемлекет қаражаты есебінен 1161,9 млн.теңге, жекеменшік қаражат есебіен 200,5 млн.теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 10326,8 млн.теңге инвестиция тартылған. Жалпы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2,4 есеге артып отыр.

Кешегі айда облыстық мәслихат депутаттарының бюджет және экономиканы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі Шардара қаласында өтті. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Шардараға ат басын бұрып келген халық қалаулыларына алғыс айта отырып, елдің атынан басты-басты деген бірнеше мәселені депутаттардың назарына салды. Ең бірінші мәселе – Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің ішкі газ тораптарының ЖСҚ-сы жасалғанына биыл үшінші жыл болмақ. Осы құжаттар бекерге күйіп кетпес үшін тездетіп қаржы бөлінуі керек. Мұнан басқа, Алатау батыр ауылындағы жаңа мектеп құрылысына, қала аумағындағы жаңа тұрғын үй массивіне электр энергиясын тартуға тиісті қаржыны депутаттар бөліп берсе екен деп Арман Айдарұлы ұсыныс жасады. Сондай-ақ, тозығы жеткен бас су торабындағы қондырғыларды жөндеуге, жаңадан ашылатын мұражайға қажетті жәдігерлер мен басқа да керекті заттарын түгендеуге қаржы бөлдіруін сұрады. Аудан әкімі айтқан тағы бір өтініш – жергілікті полиция қызметінің ашылуына байланысты аудандық ішкі істер бөлімі жанындағы құрылысы аяғына дейін жетпей қалған екі қабатты ғимаратты іске қосу үшін облыстық мәслихат депутаттарының қолдауы керек.

Шардаралдықтар үшін маңызды мәселенің бірі – қала және ауылдық округтерге көгілдір отын тарту. Ағымдағы жылы  елді мекендерді газдандыру бойынша облыстық бюджеттен 1 040,7  млн. теңге  қаралып, 2 нысан құрылысы жүргізілуде.

2016 жылы 2 елді мекенде (Шардара, Қоссейіт ауылдары) ауыз су жүйелерінің құрылысына облыстық бюджеттен 434,8 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қоссейіт елді мекенінде су жүйелерінің құрылысы аяқталуда. Қазіргі кезде ауылға су айдалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта Қоссейіт елді мекенінің 4997 халқы құбыр жүйесімен қамтылады. Қараша айында Шардара ауылының 5775 халқы орталықтандырылған құбыр жүйесімен қамтылып, жалпы аудан бойынша орталықтандырылған құбыр жүйесімен қамтылған халықтың үлесі  92 пайызды құрайтын болады.

Арқада қалған жүз күннің ішінде ауданда бірқатар жағымды жаңалықтар, айтулы оқиғалар болып үлгерді. Жеке кәсіпкер Бақытжан Серманизовтың демеушілігімен салынған «Әбу Мәнсұр әл-Матруди» мешітінің құрылысы аяқталып, жамағаттың игілігіне берілді. Облыстағы аудандар арасында тұңғыш мәрте Шардара қаласында аудандық емханаға қарасты «Денсаулық мектебі» ашылып, жұмысын бастады. Атлетизм мектебіне қарасты спорт залдары, жеке кәсіпкердің есебінен фитнес клубтары ашылып, жұмыс істей бастады. Астана күніне орай шардаралықтар тамаша тарту жасады. Теңіз жағасынан бой көтеріп жатқан екі қабатты мұражай үйінің құрылысы бітіп, осы күні салтанатты жағдайда ашылды. Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Айтөреев, облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаевтармен бірге аудан әкімі А.Абдуллаев мерекелік шараға қатысып, халықтың қуаныштарына ортақ болысты.

Аудандық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Қылыш Сәтпаевтың біраздан бері көтеріп келе жатқан ескерткіш салу мәселесі Арман Айдарұлының ықпалымен оң шешімін тауып отыр. Аудан әкімінің бастамасымен аудандағы еңбек және соғыс ардагерлері кеңесі тұрғындарға Үндеу жолдады. Игі бастаманы халық та қолдап, соның нәтижесінде ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арнап ескерткіш тұрғызылды. Қаладағы Ұландар саябағынан орын тепкен осынау ескерткіш қаланың көркіне көрік қосып қана қоймастан, жас ұрпақтың тағзым ететін қастерлі орнына да айналары сөзсіз.

Әкімдік қызметке келгеннен бастап ашықтықты, кез-келген уақытта тұрғындармен еркін пікірлесіп-сұхбаттасуды қолға алған Арман Абдуллаев алдағы уақытқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жүйелі жоспарлар жасап отырғанын айтады.

-Біз қазіргі күні ауданның даму жоспарын жасадық. Маңызды деген проблемаларға жеке-жеке талдау жүргізіп, олардың шешу жолдарын қарастырып отырмыз. Ауылшаруашылығындағы егістік алқаптардағы тік дренаждарды қалпына келтіру, каналдарға жөндеу жұмыстарын жүргізе отырып, айналымнан шығып қалған жерлерді іске қосу, ауыз су, газдандыру, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің мәселесі сияқты қордаланған проблемаларды шешуді кезең-кезеңімен  іске асыруды жобалап, бір жүйеге түсірдік, — дейді Арман Абдуллаев.

Барлық мәселені жасырмай айтып, халықпен етене араласып үлгерген жаңа әкімге аудан тұрғындары да үлкен үмітпен сенім артып отыр.

Әділ ӘБДІРАМАНОВ.

кабылдау

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.