ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Төлегеннің 19 шілдедегі №53 бұйрығы бойынша аталған басқармаға басшының орынбасары қызметіне меритократия қағидасымен Ахымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы тағайындалды. Ахымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы 1977 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист, заңгер. Еңбек жолын 2001-2004 жылдары облыстық мәдениет және жастар ісі жөніндегі басқармасының бас маманы болып бастаған. 2004-2010 жылдары облыстық жастар ісі және ішкі саясат жөніндегі департаменті жастар ісі жөніндегі бөлімінің басшысы, облыстық ішкі саясат департаменті талдау және мониторинг бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2010-2012 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2012-2016 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылдың наурыз айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы болып қызмет етіп келді.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...