Баян-Өлгейде орын алған апатты жағдай барлық Қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Алыстағы ағайынға барлық отандастарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, көмек көрсетуге кірісіп кетті. Моңғолияда селден зардап шеккен бауырларымызға, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар кеңесі көмек көрсетуге әзір. Осыған байланысты орталық қызметкерлері қолдан келген көмекті аямайтындығын айтады. Олар Баян-Өлгейдегі жиырма отбасыны киім-кешекпен қамтамасыз етпек.
Моңғолияда табиғи апаттан зардап шеккен қандастарымызға «Қоғамдық келісім» МКМ өңірдегі 20 этномәдени ұйымдардына көмек көрсетуге Үндеу жариялай отырап, қолдау көрсетті. Қиналғанда кол ұшын беру біздің азаматтық парызымыз екендігін Оңтүстік жұртшылығы есінен шығарған емес. Осыған орай ұжым мүшелері алыстағы ағайынға гуманитарлық және материалдық көмек көрсетпек.