Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Сапар барысында аймақ басшысы орталық базарды аралап, бірқатар олқылықтарға куә болды. Соның ішінде ретсіз сауда мəселесі аймақ басшысының назарына түсті. Аталған проблемалармен таныс болған аймақ басшысы бұл мәселенң қысқа мерзім ішінде шешуді тапсырды.
Сондай-ақ, базарға келушілер үшін автотұрақ қажеттілігі айтылды.
Дәл осы сауда орнын аралау барысында Атамқұлов таба нан (лепешка) сатып алып, саудагерлермен тілдесті.
Сапар соңында облыс әкімі іргетасы 1932 жылы қаланған саманнан соғылған, бүгінде апатты жағдайда тұрған N11 Манкент мектебін аралады.
1215 оқушыға шақталқан өзбек мектебінің құрылысына 678 млн теңге қаржы керек. Үш ауысымда білім беретін білім ошағының мәселесін шешу үшін өңір басшысы бастапқы қаржыны аудандық бюджеттен, қалған ақшаны кейіннен облыстық бюджеттен бөлуді жүктеді.
Дереккөз: Nur.kz