Кеше облыс әкімдігінде әкім аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен «Облыстық мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәжіліс» өтті. Жиынға Өңірлік Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің өкілдері, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның директоры, аудан және қала әкімдіктерінің жауапты басшылары және мамандары, облыс әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сақталуын қамтамасыз ету», «Мемлекеттік органдардың біріңғай электронды поштасы», «Серверлік бөлмелерге қойылатын талаптар», «Локальді желіге қойылатын талаптар», «Серверлерді сүйемелдеу қызметтеріне қойылатын талаптар», «Электронды құжат айналым жүйесінің» ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Құпиялық режимін қамтамасыз ету талаптары» деген тақырыптарға байланысты мәселелер қаралды.
Басқосуға қатысушылар бүгінгі күні үлкен маңызға ие жоғарыдағы мәселелер бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, ой-пікірлерін ортаға салды. Мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, оны еліміздегі қолданыстағы заң аясында жүзеге асыруды қамтамасыз ету жолдары жайында айтты.
ҚАЗАҚСТАНДА САНИТАРЛЫҚ КІТАПШАЛАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШЕДІ
Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі. Аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден...