14 маусым күні «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының мәжілісі өтті. Облыс әкімі Б.Атамқұловтың төрағалық етуімен өткен жиынның күн тәртібінде 5 мәселе қаралса, оның ішінде«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және Партиялық бақылау комиссиясы төрағалары мен мүшелерінің кандидатуралары бекітілді. Осылайша партияның Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы болып Қайрат Балабиев, ал Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып Әбілқасым Досболовтар бекітілді.