Қазақстан тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қазына қаржысынан 1046 нысан құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл бір ғана Оңтүстіктің өзінде. Ал бұл жылдары баспаналы болып пәтердің кілтін иеленгендер жетерлік. Яғни, 1991-205 жылдары аралығында 8 млн 827 мың шаршы метр тұрғын үй ғимараттары тапсырылып, 173 мың пәтер халықтың еншісінде. Оның 72-сі халық қаржысы есебінен жеке тұрғын үйлер. Айта кетейік, 25 жыл ішінде Оңтүстік керемет келбетке кенеліп, көп қабатты ғимараттардың бой көтеруінде құрылыс саласының өз салмағы бар. Алдағы уақытта да Оңтүстікте туу көрсеткішінің жоғарылауына сәйкес, білім ошақтары мен медициналық нысандар әлі де қажеттілік туғызып отыр. Бұл туралы ОҚО Құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов өз саласында атқарылған «Тәуелсіздіктің жетістіктерін» айтып берді.