• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының  19-сессиясы өтті

11.06.2016
0

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының  19-шы  сессиясы өтті. «Тәуелсіздік тұғыры – «Мәңгілік Ел!» тақырыбымен өткен алқалы жиынға өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген  200-ге тарта делегат қатысты. Олардың қатарында Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, этномәдени бірлестік төрағалары, облыстық  мәслихат депутаттары, атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және зиялы қауым өкілдері де бар.  Басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасайтын Ассамблеяның өңіріміздегі құрылымы да табысты жұмыс жасап келеді.Облыс әкімі, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблея төрағасы Бейбіт Атамқұловтың төрағалық етуімен өткен 19-сессия отырысына  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Розақұл Халмұрадов та арнайы қатысты. Ал сессия жұмысы мемлекеттік әнұранымызбен басталды. Биылғы алқалы жиын ең қастерлі құндылығымыз – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында өтуде. Еліміздің Тәуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. «Байлық та, бақыт та – бірлікте» дейді халқымыз. Бұл ретте  татулығымыздың тұтқасы ретінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы зор үлес қосып келеді. Айталық өңіріміздегі 100-ден астам этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, аймақтың  дамуы үшін маңызды рөл атқаруда. 13433336_990601327722873_4567204131999244556_oОсылай деген облыс әкімі біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту бағытындағы атқарылған ауқымды жұмыстарды сөз етті. Аймақ басшысы сессия барысында өңіріміздегі мемлекеттік этносаясатты дамытуға елеулі үлес қосқан 15 азаматқа «Бауырмал» сыйлығын табыс етті. Олардың арасында Облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы Гаухар Төлепова және «Скат» әуе компаниясы АҚ президенті, облыстық Славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Владимир Денисовтар да бар.13418542_990601377722868_3070304767453610196_oАссамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық  келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсіністік ахуалы қалыптасты. Осы орайда сессия барысында сөз алған ҚХА төрағасының орынбасары Розақұл Халмұрадов мәңгілік ел құндылықтары жайын сөз етті.13411889_1604698293191975_6363248071384623764_oАссамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және дамуын қамтамасыз етеді. Осы орайда сессия барысында бірқатар азаматтар сөз сөйлеп татулық пен тұрақтылық, отансүйгүштік рух тақырыптарын арқау етті. Соның бірі бұл күні облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығына ие болған  Шымкент қаласындағы 66/98 әскери бөлімі рота командирінің орынбасары Ербол Отарбаев болатын. Ол 2009 жылы Ақтау қаласында әскери борышын өтеу кезінде ерліктің ерен үлгісін көрсетіп Елбасы қолынан 3-ші дәрежелі Айбын орденіне ие болған. Яғни түзеу мекемесінде кезекшілікте тұрған сәтінде 21 жазасын өтеуші мекемеден қашуға әрекеттеніп қарулы қарсылық көрсетеді. Сол сәтте жас жауынгер әскери қызметін адал атқарып өзі ауыр жараланса да сотталғандармен қарулы қақтығысқа түседі.

Сондай-ақ, бұл күнгі ОҚО-тық Қазақстан халқы Ассамблеяның 19 сессиясында сөз алғандардың тағы бірі Рүстем Тайыров болатын. Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде әдіскер болып жұмыс жасайтын азамат жастайынан қос жанарынан бірдей айрылған. Алайда тағдырдың қатал сынағына мойымаған ол мүмкіндігі шектеулі екендігіне қарамастан тынымсыз еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп, ерекше дарындылығының арқасында бірқатар өнер байқауларына қатысып жүлдегер атанып жүр. Бұл күні облыс әкімінің Бауырмал сыйлығына ие болып, сессияда сөз алған Кентау қаласының тұрғыны Түймегүл Ергешқызы. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 8 перзентті бауырына басып, тәрбиелеп отырған көпбалалы ана асырап алған балаларының арасында орыс, өзбек, кәріс, ұлттарының қаракөздері де бар екендігін айтады. Бәріне бірдей аналық қамқорлығын аямай өсіріп жатқан кең пейілді жанның бұл әрекеті үлгі алуға тұрарлық.13350315_1604702716524866_4301681590996754340_o

Осылайша өрбіген сессия отырысынлда  Мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, ҚР-дағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бағытындағы облыс тұрғындарына арналған үндеу жарияланды. Ал мұнан соң облыс әкімі сессияны қорытындылап, ОҚО-тық Қазақстан Халқы Ассамблеясының жаңа төраға орынбасарларын бекітті . Сонымен бұл лауазымдарға облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова мен Облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асановтар тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблеяның 19 сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов алдыға жаңа міндеттер қойды. Ал  оны жүзеге асыру ісіне өңіріміздегі Ассамблея құрылымы белсене қатысуы тиіс. Татулық пен бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып отырған Ассамблеяның 19 сессиясы соңы концерттік бағдарламаларға ұласты.13433247_990601434389529_4488135895774524184_o

Абай Омар

 

Бөлісу5TweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.