ОҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласындағы шағынауданында 1984 жылғы жергілікті тұрғынға тиесілі 20 сіріңке қорабы және 2 полиэтиленді пекетке салынған қоймадан өсімдік тектес есірткі затын тәркіледі. Сот-криминалдық сараптамасына сай, тәркіленген зат марихуана және гашиш есірткілік заты екені анықталды, жалпы салмағы 1,5 кг құрайды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі