Елбасы Өкімімен 9 маусым ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
«Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі жарияланды.
ҚР «Жарнама туралы» Заңының 8 баптың 4-тармағына сай «Ұлттық аза тұту күндерінде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.»
Ұлттық аза тұту күндеріне байланысты ортақ ұсыныстар:
— мемлекеттік ту түсіріледі;
— барлық ұлттық теле-радиоарналарда көрсетілетін ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылады;
— жарнама тарату тоқтатылады;
— радиостанцияның музыкалық плейлисті өзгертіледі (би әуендері алынып, баяу әуендер қойылады);
— спектакль және цирктік қойылымдарды отқтату немесе басқа күнге ауыстыру ұсынылады.
Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының мәліметі бойынша дайындалды.