• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

9 маусым — Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

08.06.2016
0

Қымбатты отандастар!

Өткен жексенбіде Ақтөбе қаласында діннің атын жамылған бір топ террорист елдің тыныштығын бұзды. Ол туралы баршаңыз білесіздер. Бірақ, мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталар сәтте қанды қылмыс жасағандардың арам ниеттері іске асқан жоқ. Құқық қорғау және қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері үлкен қатердің бетін қайтарды. Террористердің көпшілігінің көздері жойылды, бірқатары қолға түсті, қалғандарын тиісті органдар іздеп тауып, олар заңның ең қатаң талаптарымен жазаға тартылатын болады. Қазір халықтың алаңдауына ешбір негіз жоқ, жағдай толық бақылауға алынды.

Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен ертеңгі бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болғандардың артында отбасы, бала-шағалары қалды. Менің тапсырмам бойынша, оларға барлық қажетті көмектер жасалуда.

Тәуелсіздікті жариялау бар, ал оны қорғап, нығайту және дамыту одан да жауапты іс. Ел бірлігі, ішкі тыныштық сол үшін керек. Мен мұны ылғи айтып келемін. Ел ішіне бүлік салудың, «түсті революциялардың» талайын басқа елдерден көріп, біліп отырмыз. Ол лаңкестік әрекеттерден, көшеге шығып шулаудан басталады. Одан конституцияға қарсы шығады да, аяғында мемлекет күйреп, халық аш-жалаңаш қалады. Мұның бәрін біз көріп, біліп, байқап отырмыз.

Біріншіден, біз кез-келген сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруымыз керек. Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Екіншіден, елдігімізге сына қағатын зұлымдықтардың ымырасыз жолын кесуіміз қажет. Ел тыныштығын сақтамасақ мынадай әлемдік дағдарыстан өте алмаймыз. Сондықтан барша халық болып бірігіп, елді сақтауды ойлауымыз керек.

ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте Шоколатина бойынша Әлем чемпионатына жолдама алатын үздік үміткерлер анықталды. Марапатты Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвен Гиоге табыстады. Еуропада өтетін...

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте инстаграм желісінде радикалды топтарға жазылған 556 жасөспірім анықталды. Бұл ақпарат кезекті қоғамдық кеңес отырысында талқыланған болатын. Биыл мұндай...

1 МЛН ТЕҢГЕ ГРАНТ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте “Тәуелсіздік ұрпақтары” жобасының жеңімпаздары анықталды. Байқау қорытындысында үздік деп танылған 6 жастың әрқайсысы 1 миллион тенгенің иегері атанды. Бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.