Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамын жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардағы (облысымыздың қала, аудандарындағы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға үміткер жоғары білімді, білікті азаматтар мен ЖОО түлектеріне қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін кеңінен түсіндіру бойынша «АШЫҚ ЕСІК» күніне шақырамыз. «Ашық есік» осы жылдың 7 маусымы күні, сағат 10:00-де Шымкенттегі «Көрме» орталығында өтеді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі