Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өз қызметін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ОҚО ТЖД құтқарушысы Жомарт Сәрсенбековтың отбасына қайғырып көңіл айтады. Қызметтік міндетін атқару кезінде марқұм болған құтқарушының есімі мемлекеттік «Айбын» орденімен марапаттау үшін ұсынылды. Еске салайық, ОҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Ж.Сәрсенбеков ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақмешіт таулы аймағына туристік сапармен шығып, тау шатқалына тұтылып, өз бетінше шыға алмай тұрған азаматты құтқарған болатын. Алайда, туристі құтқару кезінде ТЖ қызметкері құлама жардан құлап, мерт болған еді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі