Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов ОҚО ІІД емханасының бастығы Евгений Карпешницпен бірге Төлеби аудандық ауруханасының дәрігерлерімен кездесіп, ауыр оқ жарақатымен ауруханаға түскен жедел уәкіл полиция майоры Спандияр Темірбековтың жағдайын сұрады. 2016 жылдың 31 мамыры күні Төлеби АІІБ-не 78 жастағы жергілікті тұрғын, үйінің ауласынан белгісіз тұлға жылқыларын ұрлап кеткені жайлы арызданған.
Сол күні сағат 21.30-дар шамасында жедел –іздестіру іс-шаралары барысында, ұрланған жылқылардың тұрған орны анықталып, сол жерге барған аудандық полиция қызметкерлеріне бағыттап қараңғы жерде тұрған белгісіз тұлға оқ атып, белгісіз бағытқа бой тасалаған. Нәтижесінде, атылған оқтан 1983 жылы туылған Төлеби АІІБ-нің жедел уәкілі полиция майоры Спандияр Темірбеков аяқ тұсынан жарақаттанып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Ауыр жарақатқа ота жасаған дәрігерлер «атыс қаруынан болған оң жамбас бетінің көптеген жаралары» диагнозын қойып отыр. Дәрігерлер Спандияр Темірбековтың қайта өмірге келгенін айтып отыр. Қуантатыны полиция майорының аса маңызды мүшелері зақымданбаған. Қазіргі таңда қанағат етерлік жағдайда жатыр. Аталған жайт аудандық полиция бөлімінің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 380-бап, 2-тармағымен «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» қылмыстық іс қозғалды. Экспертиза тағайындалды. Қылмысқа қатысы бар күдікті тұлғаны іздестіру жұмыстары жүргізілуде.