Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық жөніндегі мәселелеріне енді құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері жауапты болады. Осы жылдың 23 мамырында Нұралы Бейсенәліұлы Қырғызәлиев Шымкент қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды. Н. Қырғызәлиев әр жылдары Шымкент қаласындағы аудандық полиция бөлімдерін басқарған, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, ОҚО ІІД бастығының орынбасары болып қызмет еткен. Енді көп жылдық тәжірибесі бар, кәсіби заңгерге құқықтық қызмет саласын жаңа деңгейге көтереді деп сенім артылып отыр.