Сарыағаштық бір топ тұрғын алғашқылардың бірі болып еліміздің солтүстігіне аттанды. Өзге аймақтардағы бос жатқан жерлерді игеріп, егін егуге құлшыныс танытып отырған азаматтар мұндай шешімге депутат жолдаған үндеуден соң барып отыр. Яғни, осыдан бір жеті бұрын облыстық мәслихаттың депутаты Жаңабай Ағабеков сайлау округіндегі тұрғындарды солтүстік аймаққа қоныс аударып, еңбек етуге шақырған болатын. Енді міне, халық қалаулысы бір топ азаматтарды бастап жексенбі күні жолға шықты.
ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛЕДІ
Ұлттық мұраның қадірі оны сақтаумен ғана емес, күнделікті өмірде тұтынумен өлшенеді. Осы мақсатта Шымкент Креатив хаб орталығында қолөнер шеберлерінің дәстүрлі...










