Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары Ильин Юрий келді. Сапары барысында вице-министр мен облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев «Көксарай» су реттегішінің жұмысымен танысты.
Су қоймасының бүгінгі жағдайын баяндаған «Қазселденқорғау» мемлекеттік басқармасының директоры Т.Баймолдаев су реттегішінің барлық гидротехникалық қондырғылары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқандығын айтты.
Айта кетейік, аталған Көксарай су реттегіші Елбасы тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан. Қазақстан инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған бұл жоба 400 мыңнан астам халқы бар аймақты тасқын судан қорайтын су реттегіш. Сонымен қатар, Арал теңізін толтыруға және егістік пен бақшалық жерлерді суғаруға қажетті су қорын сақтайды.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....










