Түлкібас ауданының әкімі Қ.А.Абдуалиевтің 2016 жылғы 16 мамырдағы №122 өкімімен Бектаева Жанар Әлібекқызы аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бектаева Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Шымкент қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент бөлімшесінде «Саясаттану» мамандағы бойынша білім алған және осы мамандық бойынша магистратураны тамамдаған. Алғашқы еңбек жолын Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент институтының «Саясаттану» кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2006-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінде бас маман, ақпараттық саясат және БАҚ мониторинг бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, ОҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бас инспектор қызметтерін атқарған. Ж.Бектаева аудандағы ішкі саясат, жұмыспен қамту, мәдениет, экономика және қаржы салаларын басқаратын болады.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...