Жақында Павлодар қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өткен болатын. Онда отандастарымыз епті екенін дәлелдеп, қазақстандық 6 спортшы чемпион атанды. Олардың арасында Оңтүстіктің сайыпқыраны Нұрдаулет Ұланұлы да бар. Нұрдаулет ауыр салмақтағылар арасында сынға түскен болатын. Бокс аренасында 3 жекпе-жек өткізген жерлесіміз жарыстың алғашқы айналымында қырғыз боксшысынан басым болса, кейіннен Үндістанның саңлағынан басым түсті. Ал ақтық сында ол өзбекстандық Худоргоновпен жұдырық түйістіріп, бұл жолы да Нұрдаулеттің жолы болды. Енді, оңтүстік мақтанышы әлемдік аренаны бағындыруға бел байлап отыр.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










