Биыл Жеңіс туы 71-ші рет көкте желбіреді! Алайда сұм соғыстың жарасы әлі жазыла қоймады. Шейіт кеткен миллиондаған жауынгердің дерегі әлі із-түссіз. Хабарсыз кеткендердің бірі – Махаш Тәжібаев. 2015 жылдың маусым айында бұл азаматтың сүйегін Ресей елінің арнайы іздеу тобы Калужская облысынан тапқан болатын. Осыған орай, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер сүйегін «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы Шымкентке алып келмек. Жұма күні облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев бастаған делегация, барлығы 8 адам жолға шықты. Олар ең алдымен «Даңқ» мемориалында болып, гүл шоқтарын қойды. Жеңісті жақындатқан бабалар рухына бас иді. Айта кетейік, Ресейге арнайы жобаны құрған «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбіш, аталған сауапты іс облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтан қолдау тапты.
Жат жерде мәңгілікке көз жұмған қазақ перзентінің сүйегі 11-мамыр күні Шымкентке әкелінеді. Осы ретте «Skat» әуе компаниясына батырдың сүйегін жеткізуге көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
Ботагөз Мәдібек