• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті

06.05.2016
0

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың төрағалық етуімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде  өрт қауіпті кезеңде орман, дала өрттерінің алдын алу, су көздерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су тасқынының алдын алу сынды мәселелер қаралды. Аудан, қала әкімдері мен Төтенше жағдайлар департаментінің  қызметкерлері қатысқан жиын барысында орын алып отырған кемшіліктер ашық айтылып, тиісті шараларды өз денгейінде ұйымдастыру қажеттігі бойынша аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар жүктелді. Облыс әкімінің төрағалық етуімен өткен Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою комиссиясының отырысында 5 мәселе қаралды. Соның бірі өрт қауіпті кезеңде орман дала өрттерінің алдын алу  және дер кезінде сөндіру іс-шаралары бойынша алдымен Облыстық ТЖД-нің бастығы Александр Путейко баяндама жасады. Оның айтуынша 2015 жылы облыс аумағында 6 орман өрті тіркелсе, 7 бірдей дала өрті орын алып, жалпы көлемі 2542 гектар аумақ қызыл жалынға оранған. Ал осының салдарынан келтірілген материялдық шығын көлемі 5,5 млн тенгеден асады. Осылай деген департамент басшысы облыс аумағындағы 875 елді мекеннің 44-інде ғана мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелер құрылғандығын жеткізді. Тіпті облыс аумағында тұратын 3 млнға тарта халықтың 50 пайыздан астамы өрттен қорғаусыз жерде қалып отыр екен. Ал бұл мәселелерге қатысты облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өрт қауіпі жоғары маусымның таяп тұрғанын айта келе аудан қала әкімдері өз аумақтарында ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру жұмыстарын жандандыру қажет деп санайды. Бұл ретте дала өрттері жиі орын алып жататын бірқатар аудандарының әкімдеріне өңір басшысы алдын ала ескерту жасап өтті. Осылайша орман дала өрттерінің алдын алу бойынша аудан қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеген Бейбіт Бәкірұлы өрт оқиғасы орын алған жағдайда бірінші кезекте сол ауданның басшысы жауап беретіндігін тағы бір ескертіп өтті. Сондай–ақ, күн тәртібіндегі екінші мәселе су көздерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары болатын. Бұл ретте ТЖД-нің мәліметіне жүгінсек бүгінгі күнге су көздеріндегі жазатайым оқиғалар, соның ішінде жас балалардың өлімі өте өзекті болып отыр. Айталық өткен жылдармен салыстырғанда суға батқандардың саны 3-4 есе өскен. Ал биылғы жылдың басынан бері облыс аумағында 14 адам суға кетсе, соның 10-ы екі мен 5 жас аралығындағы балалар. Бұл мәселеге келгенде де облыс әкімі аудан басшыларына қайғылы оқиғалардың алдын алып сақтық шараларын ұйымдастыру жөнінен пәрменді тапсырмалар берді. Кеңейтілген жиынында қаралған тағы бір мәселе су тасқыны жағдайларының алдын алу болатын. Биылғы қыс мезгілі қолайлы болуына байланысты облыс аумағында ірі көлемдегі тасқын құбылысы орын алмаған. Алайда жыл басынан бері Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында 42 тұрғын үйдің ауласын жаңбырлы тасқын су басып, нәтижесінде 2 шаруашылық нысан бұзылған.

Осы ретте, өңір басшысы мүмкін болған су тасқынының алдын алу үшін аудан қала әкімдері, су қоймалары иелері, құзырлы мекемелердің басшылары алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша қойылған тапсырмалардың орындалуына және өздерінің атқаруға жауапкершілік танытулары тиіс деді. Бұл ретте жуырда ғана бірнеше елді мекені тасқын судан зардап шеккен Төлеби ауданындағы жағдайды тілге тиек еткен Бейбіт Бәкірұлы аталмыш ауданның әкімінен алдын алу шараларының барысын сұрады.

Абай Омар

Бөлісу3TweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.