• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ержүрек ерлердің ерлігі ұлықталуда

06.05.2016
0

Бүгінгі бейбіт күннің азат ұландары соғыс жылдарының майдангерлерінің рухына әрдайым тағзым жасау парыз. Отан үшін от кешіп, қан майданда кеудесін оққа тосқан қаншама жас жарық дүниенің шапағатын сезінбей кетті. Есесіне ертеңгі ұрпағына елін, жерін аманаттаған жауынгерлердің тілегі халқына бақыт сыйлады. Майдан даласына Оңтүстік Қазақстаннан аттанған 140 мыңнан аса азаматтың небәрі 35 мыңы ғана туыстарымен қауышты. Соғыс салған сансыз жара ешқашан ұмытылмайды. Ерлік даңқы да жыл өткен сайын жаңғыра бермек. Жыл сайын  ортамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету дәстүрлі дағдыға айналған. Шымкент қаласында 141 майдангер есепте тұр. 7 мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Қала әкімдігі ұйымдастырған салтанатты жиынның куәсі болған соғыс ардагерлері Жеңістің 71 жылдық мерекесінде тағы бір марқайып қалды.572b304edf329 572b306cb8c6fШымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Мұнай Инвестмен Груп» АҚ басқарма төрағасы  Ғани Ташқараев үнемі қайырымдылық шараларының басы қасында жүреді. Сайлау округіне қарасты мөлтекауданда тұратын ҰОС ардагерлерінің шаңырағы арнайы атбасын бұрған халық қалаулысы, сыр бөлісіп, пікір алмасты. Қариялардың бір сәтке болсын көңілін аулап, әңгіме шертіскен жандар, ыстық ықыласқа бөленді. Иван Коваленко 1926 жылы туылған. Соғыс аяқталар тұста, әскер қатарына алынған азамат Жеңіске өзіндік үлесін қосты. Қуанышты күннің белгісі естілгенде жүректердегі ерекше тебіреністі айтып жеткізу мүмкін емес дейді. Алексей Андреев – іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Бастан өткерген оқиғаларын сұраған жандарға айтып беруге дайын. Өйткені, жастар өқткенін бес саусақтай білуі тиіс дейді. Соғыстың зардабын көз көргендер арқылы естіп білмесе, оқудың жөні бір бөлек.  Ал, Олег Бирюковтың жасы 94-те. Төсек тартып қалса да, күнделікті жаңалықтан қол үзбейді. Газет-журналдарды ақтарып, теледидар тыңдап отырады. Сталинград түбінде ұрысқа араласқан жас сарбаз Украина мен Қырым жеріне дейін барған. «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері.

 

Кезекті марапаттауда Абай аудандық сотының ұжымы да белсенділік танытты. Аумаққа қарасты ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, сый-сияпатын үлестіріп жүрген судьялар үлкеннің өнегесі кішіге үлгі деп отыр. 1941 жылы соғысқа аттанып, негізгі шайқасты Сталинград түбінде жүргізген жауынгердің бірі Қалдыбек Байжарқынов еді. Қатарластарының басым көпшілігі ұрыс даласында о дүниеге аттанған. Украина мен Белоруссия, Польша шекараларында жауға қарсы тұрып, шегінбеген қайсар жан елге аман-есен оралады.  Ерлігі 4 жыл бойы соғыстың дәл ортасында болып, бүгінгі күннің бақытына кенеліп отырған Қалдыбек ақсақалдың ендігі тілегі тек бірлік, береке. Ынтымақ бар жерде жұмыс көш ілгері жүреді. Сондықтан да елімді ауызбіршіліктен айырмасын дейді. 69 жыл отандасқан Шымыр әжемізді биыл жер қойнына тапсырыпты. Жүректегі сағынышы сыздатады әрине. 9 перзенті жеткізіп, немере-шөберелердің ортасында қуанышқа кенеліп отыр.

 

Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы да қала бойынша  ардагерлерді министрлік атынан келген сияпаттарды табыстап, құттықтап жатыр. Жасы үлкеннің жағдайын сұрау — ізеттіліктің белгісі. Балаң көңілін аулау —  көпті көргеннің жемісі. Арапбай Елеуов 1924 жылы қазіргі Ордабасы ауданы, Батыр ата ауылында дүниеге келген. 19 жасында соғысқа аттанған ол жарақат алып ауылына қайтарылады. Туған жеріне келген соң шаруашылықпен айналысып, мал басын көбейтуге атсалысқан. 12 перзентінен немере, шөбере, неменені қатар сүйіп отыр. Бүгінде Шымкент қаласының Жаңааталап мөлтекауданында тұрады.

Салтанат Тойболова

Previous Post

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Next Post

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.