• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Елбасы мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

06.05.2016
0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Отан қорғаушы күні қарсаңында әскери және қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлік пен батылдық көрсеткен, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан  бір топ әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Барлығы 43 адам орденмен, 63 адам медальмен және 2 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды алдағы Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.

– Ұлы Отан соғысы – ұмытылмас тарих сабағы. Бір жағынан, ол бізге әлемнің нәзіктігін еске салады. Екінші жағынан, адам рухының беріктігі мен қуаттылығын көрсетеді. Отанымызды қорғай білген, бізге бейбіт өмір сыйлаған жерлестеріміз осындай болған. Сол соғыстың қаһармандарының есімі тарих парағына мәңгі жазылып қалды. Біздің парызымыз – елдің қауіпсіздігін сақтау, биыл 25 жылдығын атап өтетін Қазақстанның Тәуелсіздігін қорғау, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ел азаматтары ширек ғасыр уақыт бойы тұрақтылық пен келісімде тату отбасы ретінде өмір сүріп жатқанына назар аударды.

– Бірақ бейбіт күнде де ерлікке орын бар. Ұшақты алдыңғы шассисіз қондыра  білген әуе кемесінің командирі Дмитрий Родиннің ерлігін бүкіл қазақстандықтар біледі. Ол өзінің кәсіпқойлығының арқасында 121 адамның өмірін сақтап қалды. Мен бұл әрекетті үлгі тұтуға лайық қаһармандық деп санаймын. Сондықтан оған «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Полковник Игорь Кармыков сел кезінде барлау-іздеу тобын тікұшақпен эвакуациялады. Өміріне қауіп төнген 10 адамды құтқарып қалды. Мемлекет оның еңбегін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен атап өтеді. Рота командирі Фархад Тағырбековтің арқасында 40 әскери қызметші аман қалды. Оған «Ерлігі үшін» медалі беріледі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ерлігімен ерекшеленген басқа да адамдарды атап өтті.

– Өз басын қатерге тігіп, адамдарды өрттен құтқарған Данияр Қалиев ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Сондықтан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Арамызда ел қауіпсіздігін нығайтуға зор еңбек сіңіріп жүрген өзге де азаматтар бар. Халықаралық деңгейде танылған мерген қызымыз Әсем Жәкенованы ерекше атап өткім келеді. Ол бүгін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне лайық деп танылды, – деді Қазақстан Президенті.

Шара барысында әскери және қызметтік міндетін атқару барысындағы көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін «Fokker-100» әуе кемесінің командирі Д.Родинге, Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қ.Үмбетовке «Халық қаhарманы» атағы берілді.9a11e0093490781273ac2d79628df531I дәрежелі «Даңқ» орденіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Н.Білісбеков, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары  М.Демеуов, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Бас хатшысының орынбасары А.Жанқұлиев, Павлодар облысының прокуроры М.Жөргенбаев ие болды.

ІI дәрежелі «Даңқ»  ордені Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары Т.Татубаевқа, Қорғаныс министрлігі 14776 әскери бөлімі БАӘ және Кувейт және Катар мемлекеттеріндегі әскери атташесі қызметін қоса атқарушы Е.Оразовқа тапсырылды.

I дәрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы А.Баймурзин, Қорғаныс министрлігі 14776 әскери бөлімі командирінің орынбасары – орталық бастығы С.Ізтілеуов марапатталды.70e4329a3d5770f45d1aef8661295eb2ІI дәрежелі «Айбын» ордені Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары С.Асановқа, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығы Н.Жұмабаевқа, Қорғаныс министрлігі 10228 әскери бөлімінің командирі Р.Жансейітовке, Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы бас штабы бастығының орынбасары Ә.Ыбыраевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметі бастығының бірінші орынбасары Ф.Қаменовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі жеке 1-ші авиациялық базасының командирі И.Кармыковқа, Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5572 әскери бөлімінің командирі В.Пузикке, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығы К.Тұрсынбаевқа берілді.

«Ерлігі үшін» медалі Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қостанай қаласы № 3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Д.Қалиевке, Ішкі істер министрлігі Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жол-патрульдік полициясы полкінің  полицейі  Б.Қарымбаевқа, рота командирі — Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі штаб батальоны командирінің орынбасары Ф.Тағырбековке тапсырылды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы барлау ротасының маманы (барлаушы-мерген) Ә.Жәкенова, Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясының командирі А.Құлбасов, Қорғаныс министрлігі 85395 әскери бөлімі танк батальонының командирі Д.Мұхаметжанов, Қорғаныс министрлігі 36803 әскери бөлімі зымыран-техникалық дивизионының командирі М.Смағұлов наградталды.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Төлебиде спорт алаңшалары пайдалануға берілді

Next Post

Қуандық Бишімбаев ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.