• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қазан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мақтаралдық дихандармен кездесті

27.04.2016
0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков арнайы жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болды. Министр мен өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов бастаған жұмыс тобы іс-сапар кезінде аудандағы бірқатар ауыл шаруашылық кәсіпорындарын аралап, жергілікті шаруалармен кездесті. Әсіресе мақта өсіру саласындағы өзекті мәселелер ортаға салынып,  мемлекеттік қолдау шараларының биылғы ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. 
13055893_963382030444803_2775966436190254635_oМақтарал ауданына жасаған жұмыс сапары барысында АШ министрі А Мамытбеков алдымен ең алдымен биоагенттер шығарумен айналысатын өңірдегі ірі кәсіңпорын «Биафабрика Жетісай» ЖШС-нде болды. Аталмыш кәсіпорын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестеріне қарсы биологиялық препараттар шығарумен айналысады. Мекеменің жылдық қуаттылығы 50 мың гектар егістік алқапқа жететін бракон алтынкөз деп аталатын дәрілік қоспаларды өндіруге бейім. Осы ретте министр  егін шаруашылығында әсіресе мақта зиянкестерін жоюға тиімділігі мол өндірістің жұмысымен жан-жақты танысты.13029532_963381340444872_7887882228656169229_o

13086931_963381607111512_234846713145321664_oДәл қазіргі таңда Мырзашөл өңірінде егіс науқаны қызып тұр. Осы бір жауапты кезеңде жергілікті шаруалармен кездесуге келгенАШ министрі мен өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалық етуімен семинар-кеңес өтті.  Қазбек би  ауылдық  округіне қарасты «Береке Мақта» ӨК-нің  егістік алқабында ұйымдастырылған семинарға Ауыл шаруашылық саласымен тікелей байланыста жұмыс жасайтын мекемелердің өкілдері, ғылыми зерттеу институттарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, және 200-ге тарта шаруа қожалық төрағалары қатысты. Әсіресе мақта шаруашылығындағы өзекті мәселелер сөз болған жиын барысында Асылжан Мамытбеков  соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралар 3 есе артқандығын айта келе биылдан бастап сатып алынған АШ техникаларының 25 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланатынын жеткізді.13048137_963381473778192_9061686276043837868_oБұл күні саладағы бірқатар өзекті мәселелер де айтылды. Атап айтқанда топырақтың мелиоративтік жағдайы мен мақта шаруашылығындағы егіс көлемінің ұсақтылғы, ауыспалы егістің сақталмауы мен ск жүйелерінің тозуы. Сонымен қатар ең басты мәселе Мырзашөлдік дихандар үшін бірінші кезекте ағын су тапшылығы болып отыр. Қолда бар мүмкіндікті жүзеге асырып жұмыс жасауға каналдыарды жекешелендіріп алғандар тосқауыл болып отыр деген су комитетінің төрағасынан соң облыс әкімі бұл мәселені өз бақылауында ұстайтынын айтып шұғыл тапсырма берді. Осылайша өткір ойлар мен ұсыныс пікірлер айтылып, өзекті мәселелерді шешуге қатысты тапсырмалар берілген кеңестен соң АШМ Асылжан Мамытбеков аймақтағы « Тәуелсіздіктің 20 жылдығы каналында болып, су арнасының жағдайымен де танысты. Иригациялық жүйенің қуаттылығы секундына 60 текше метр суды құрайды. Бұл ауқымы 86 мың гектар болатын алқапты суландыруға жеткілікті.13086706_963381730444833_6600992395180084524_o

 

Ауыл шаруашылығына бейім Мақтарал ауданында 22 мыңға тарта шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Тек биылғы жылдың өзінде аймақ бойынша 83 мың гектардан астам аумаққа мақта дақылы егіледі деп жоспарланып отыр. Сондықтан шаруалардың ала жаздай еткен еңбектері еш кетпеуі үшін алынған өнімнің түсімділігі мен сапасының жоғары болуы қажет. Ал бұл ретте егістікті тиімді суландырудың маңыздылығы айрықша. Алайда ауданда ағын судың тапшылығы бар екендігін ескерсек, суландыру жүйесі шаруалардың бас қатырар басты мәселесі екендігі анық. Сондықтан семинар жұмысына Тараз қаласындағы  Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының басшылары мен мамандары да қатысып ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Осылайша маңызды баяндамалар жасалып  шаруаларды толғандырған сауалдарға жауап берілген семинар барысында  жергілікті дихандар да өз ойларымен бөлісті. Солардың бірі «Нұралы жол» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Ералиев.Талай жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан қожалық төрағасы егіншілікте  мол нәтижеге жету үшін қол еңбек күшін азайтып жаңа технологияларды пайдалану арқылы ғана жақсы нәтижеге жетеміз деп санайды. Семинар-кеңеске жиналған ауыл шаруашылық саласының мамандары бұл күні тың технология бойынша техника көмегімен егістікке мақта шитін отырғызу процесімен де танысып ғалымдардың түсіндірмелеріне ден қойды. Міне осылайша өрбіген семинар кеңестен Мақтаралдық шаруалар біраз маңызды мәселелерді көңілге түйіп қайтты.

Абай Омар

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Елімізде 1 қазан – Қарттар күні. Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Белсенді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.