Мақтарал аудандық ІІБ-ның кезекші бөліміне, аталған аудандағы Таубай-ата ауылының 57 жастағы тұрғыны арызданып келеді. Ол өз арызында, белгісіз біреулердің наурыз айында қорасына ұрлыққа түсіп, байлаулы тұрған 2 бас жылқысын қолды еткендіктерін айтады. Осылайша, арызданушыға 500 мың теңге көлемінде зиян келтірілген. Мырзашөлдік полицейлердің жүргізген шұғыл-іздестіру шаралары нәтижесінде жергілікті үш тұрғын ұсталады. Еш жерде жұмыс істемейтін 1993 және 1994 жылы туылған күдіктілер жасаған ісін толық мойындайды. Олар ұрланған малды сойып, базарларға апарып сатумен айналысқан. Мұнан бөлек, күдіктілердің тағы бес мал ұрлығына қатысы бар екендігі анықталып отыр. ҚР ҚК-ның 188 бабы бойныша қазір қылмыстық із қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...










