№50 сайлау округі бойынша ОҚО мәслихат депутаттығына сайланған Амангелді Сопбековтің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы 25 сәуір күні қаулы шықты. Естеріңізде болса, 20 наурыз күні өткен ҚР Парламенті және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауы кезінде Шардара ауданының жергілікті бір азаматы сол кездегі депутаттыққа үміткер Амангелді Сопбековтің үстінен заңсыз әрекеттер жасады деп шағымданған болатын. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық ісі бойынша Сопбеков Амангелді Әбдімәлікұлының әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қысқартылды. Осы тұста айта кетейік, №50 сайлау округінен облыс мәслихат депутаттығына үміткер болған Амангелді Сопбеков 20 наурыз күні халықтың 9855 дауысына ие болып, халық қалаулысы атанған болатын.
2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...










