Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бахадыр Нарымбетов «Қазтрансгаз » АҚ-на қарасты «Азиялық газ құбыры» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып тағайындалды. Бахадыр Мәдәліұлы 1972 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. 1993-1998 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-де саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша бiлiм алды. Одан кейiн Сарыағаш қаласындағы №13 кәсiптiк-техникалық училищесінде ұстаз. 2001 жылдан бастап Сарыағаш ауданы әкiмi аппаратында, ОҚО ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасында, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң облыстық iшкi саясат департаментiнде, ҚР Президентi әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат басқармасында маман, бас маман болып қызмет атқарды. 2006-2008 жылдары облыстық iшкi саясат басқармасының бастығы. 2008-2009 жылдары ҚР Президентiнiң баспасөз қызметi ұйымдастыру секторының меңгерушiсi болып iстедi. ҚР Әдiлет министрлiгi дiни iстер жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары болды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...