Облыстық кардиоорталыққа 20 сәуір күні таңғы сағат 05-45 – те жедел жәрдемнің көмегімен 103 жастағы қария Дарибекова Айша жедел миокард инфарктісі диагнозымен жеткізілді. Науқас жедел түрде жан сақтау бөліміне жатқызылып емдік шаралар жүргізу басталды. Жүрек қан тамырларының ішіндегі тромбты еріту мақсатында тромболитикалық дәрі (Актилизе) және жедел түрде тамыр ішілік эндоваскулярлық жолмен қан тамырына стент қою отасы жасалынды. Отадан кейінгі жағдайы бір қалыпты. Яғни, кез келген науқастың жас шамасы эндоваскулярлық стенттеу отасын өткізуге шектеу қоймайтынын тағы бір рет дәлелдеп берді. Осылайша, кардиоорталық қызметкерлері 103 жастағы кейуананың өмір жасының ары қарай ұзаруына ықпалын жасады.