Жанат Жарасов «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бүгін қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалған ол аталған Кеңестің 2013 жылдан бері мүшесі. ЖҚІРҚК жаңа жетекшісін таныстыру барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Қайырбек Сүлейменовке Кеңес төрағасы ретінде атқарған еңбегі үшін алғысын білдірді. Жанат Жарасов Ф.Э.Дзержинский атындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін бітірген. 2000-2009 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде түрлі басшылық қызметтер атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың қарашасына дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. Генерал-майор. ҚР Парламенті Мәжілісінің V және VI шақырылымдарының депутаты.
«Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі