• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікте елді мекендерді су басу қаупі сейілді

18.04.2016
0

2016 жылдың 17 сәуірі күні сағат 18:35-те жауған нөсер жаңбырдың салдарынан Төлеби ауданының Ленгер қаласындағы тұрғын үйлердің маңында су деңгейінің көтерілу жағдайлары орын алған болатын. Сай-салаларды толтырған жаңбыр суы шаһардағы Матросов, Жамбыл, Базарная, Комсомольская, Мичурин, Садовая және Бішембаев көшелеріне жайылды. Нәтижесінде, жаңбыр суы 22 үй іргесіндегі телімдер мен үй-жайлардың аулаларын алған. Айта кетейік, тосын оқиғадан зардап шеккендер жоқ, су тұрғын үйлерге кірмеген.
Сонымен қатар, кешегі күні нөсер жауын салдарынан Қазығұрт ауданының «Алтын төбе» ауылдық округіне қарасты 1 Мамыр елді мекеніндегі 3 тұрғын үйдің ауласын су басқан болатын. Онда жауын салдарынан 2 шаруашылық қора-жай маңы бүлінсе, 3 аула мен 1 уақытша баспанаға (времянка) су жайылған.
Орын алған жағдайларды бақылау үшін өңір басшысы Б.Атамқұлов пен ОҚО ТЖД бастығы А.Путейко Төлеби мен Қазығұрт аудандарына барды.
Шұғыл атқарылған алдын алу шараларының нәтижесінде жағдай тұрақтандырылып, жиналған су арнайы техникалармен шығарылды. Қауіпті сейілту үшін жаңбыр суын траншеяға қарай бұру жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлердің іргесіне құмға толы қапшықтар қойылды.
Апаттан құтқару жұмыстарына ОҚО ТЖД өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар бөлімдерінің құтқару жасақтары мен күштері жұмылдырылды.
Тосын жағдайларға Төлеби ауданынан 6 моторлы сорғы мен 12 техника және 108 адам жұмылдырылса, Қазығұрт ауданындағы қауіпті сейілту үшін 2 моторлы сорғы мен 3 техника және 15 адам жұмыс істеді. Бүгінгі таңда қос аудандағы апаттан құтқару жұмыстары толықтай аяқталды.
Кез келген табиғат апаттарына байланысты ОҚО ТЖ Департаментінде шұғыл штаб құрылған. Өңірдегі жалпы жағдай бақылауда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Елімізде 1 қазан – Қарттар күні. Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Белсенді...

«ЗОЛОТОЕ ЯБЛОКО» СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ БРЕНД

«ЗОЛОТОЕ ЯБЛОКО» СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ БРЕНД

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Тарихы мен қалыптасуы «Золотое яблоко» (Gold Apple) – Ресейден шыққан ірі парфюмерия және косметика дүкендер желісі. Компанияның негізін қалаушылар –...

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНДА ӘКІМ ТАЛ ЕКТІ

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Шымкентте өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қала әкімі де атсалысты. Іс-шара барысында мегаполис көшелеріне шынар мен қайың ағаштары отырғызылды. Бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.