Дүйсенбі күні «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды. Бұйрыққа сай Еркін Сағындықұлы Қыдыр «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып сайланды. Еркін Қыдыр 1962 жылы 1 тамызда дүниеге келген. 1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін – журналистика, 2007 жылы Қазақ жол қатынастары университетін экономика және басқару мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент қаласындағы қорғасын зауытында слесарь болып бастады. 1985-1990 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілші болып қызмет атқарды. 1990-1996 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 1996-2006 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының бірінші орынбасары, 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары тәртіптік кеңестің мүшесі, 2007-2008 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының директоры және 2008 жылдан 2009 жылдың 7 мамырына дейін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының вице-президенті болып қызмет етті. 2009 жылдың 7 мамырынан бүгінге дейін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді. Әріптесімізді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...