Оңтүстiк Қазақстан облыстық Бiлiм басқармасына қарасты Шымкент аграрлық колледжi елiмiз бойынша үздiк деп танылған 10 колледждiң сапына енiп отыр. Өздерiңiзге белгiлi, Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сай саланы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету үшiн базалық университеттер мен колледждердi көбейту көзделген. Сол жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстарды сараптай келе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиевтiң бұйрығымен Шымкент аграрлық колледжi үздiктер қатарына енiп отыр. Айта кету керек, Қазақстан Президентiнiң «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасының «экономиканың алты негiзгi саласы үшiн он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында бiлiктi кадрларды әзiрлеу тәжiрибесiн елiмiздiң өзге оқу орындарына тарату» жөнiндегi 77-қадамда айтылған тапсырмасына сәйкес үздiк ондыққа енген оқу орындарының бiлiм берудегi әдiстемесi ендiгi жерде өзгелерге үлгi ретiнде ұсынылмақ.
Соңғы екi жылда колледждiң материалдық-техникалық базасы жақсарып, елiмiзге қажеттi техникалық, аграрлық сала мамандарын даярлауда көш бастап тұр. Колледж өз түлектерiнiң 100 пайыз жұмыспен қамтылуына үлкен мән берiп отыр. Республика бойынша үздiк он колледж сапына енiп отырған оқу ордасы алдағы кезде де биiк белестерден көрiне берудi мақсат тұтады.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...










