Кеше Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметке азаматтарды меритократия қағидасына сәйкес қабылдауды қамтамасыз ету бойынша облыс әкімі аппараты мен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарындағы бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ашық және жария сипаттағы ішкі конкурс өткізілді.
Бірыңғай конкурстық комиссия кандидаттар мен әңгімелесуді түрлі саладағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылатын байқаушылардың, маман-сарапшылардың және бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен жүргізді. Конкурс барысында 8 бос мемлекеттік лауазымға 14 кандидат құжат тапсырды. Яғни, әрбір бос мемлекеттік лауазымға 2 кандидаттан түсті. Үміткерлердің орташа жасы 39 болса, орташа мемлекеттік қызмет өтілі 13 жылды құрады. Бұлар негізінен қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік жергілікті басқару, құқықтану, бухгалтерлік есеп, экономика мамандықтарын игерген. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында байқаушы ретінде «Жас Отан», «Чернобыль одағы», «ОҚО жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлер одағы», «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы», «Сана-Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» сияқты қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері, блогерлер қатысты.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...










