Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Өкімімен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Серік Ордабекұлы Тұрбеков тағайындалды. Серік Ордабекұлы 1956 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –ғалым агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясының түлегі. Еңбек жолын 1980 жылы «Қаракөл» ғылыми өндірістік бірлестігінің лаборанты болып бастаған. Кейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми – зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер ретінде және бірқатар басшылық лауазымдарда еңбек еткен. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешені Мемлекеттік инспекциясы комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының бастығы, «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Мақтарал аудан әкімі лауазымдарын атқарған. 2015 жылғы мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып қызмет етіп келді.
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың...