• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Облыс әкімі Орталық коммуникация қызметінде брифинг берді

23.02.2016
0

Бүгін өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде брифинг берді. Онда облыс әкімі 2015 жылы өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстары туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Айта кетейік, облыстағы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Елбасының халыққа арнаған Жолдауы аясында және Ұлт жоспары — 5 институционалды реформаны іске асырудың «100 нақты қадамындағы» міндеттердің шеңберінде жүзеге асуда. 2015 жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзгеріс бар. Мәселен, жалпы өңірлік өнім бойынша өткен жылы болжамды 2% өсімді құрады (республикадағы орта есеп 1,2 %). Сонымен қатар, былтыр өнеркәсіп саласында 668 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілсе, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 64,4 млрд. теңгеге артық. Бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан елімізде алғашқы бестікке кіреді.Өңірде «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы басталғалы құны 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Іске қосылған жобалардың 94% жоспарланған қуаттылықтың 90-100%-на жетті. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада алдыңғы қатарда. Ал индустрияландыру картасының екінші бесжылдығында 869 млрд. теңгені құрайтын 115 жобаны іске қосу жоспарланып, нәтижесінде 20 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Есепті жылы инвестициялық құны 44,6 млрд. теңге болатын 27 жоба іске қосылып, 2,6 мың жұмыс орны ашылды. Олардың бірі жылына 2 млн. тоннаға дейін цемент өндіретін «Стандарт Цемент» ЖШС. Зауытта жаңа М-600 маркалы, сондай-ақ, «құрғақ» энергиялық үнемді тәсілмен нығыздалған цемент өндіріледі. Кәсіпорында 450 адам жұмыспен қамтылған. Ал келесі ірі өндірістің бірі шұлық бұйымдарын өндіретін «Алем БT» ЖШС. Жоба құны 2 млрд. теңге болатын кәсіпорында 170 азамат жұмыспен қамтылса, оның 30 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандар. Жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 48 000 АҚШ долларын құрады. Бұл – 2014 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артты. 2015 жылы өңірдің өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында 12 455 жаңа жұмыс орындары ашылды. Аймақта 2015 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 184 889 бірлікке жетті. Өңірдегі экономикалық белсенді халықтың төрттен бірі осы салада еңбек етеді. Осы шағын кәсіпкерліктің өсіп, өркендеуіне сеп болған ОҚО әкімдігі жанындағы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы». Бүгінде 15 аудан, қалада ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бір жылда 35 899 кәсіпкерге көмек көрсетіп, кәсіпкерлік мектептерінде 7193 адам оқытылған. Ел экономикасын тұрақтандырып, дамытудың тағы бір жолы – инвестиция тарту болып табылады. Өткен жылы облыс экономикасына 416 млрд. теңге инвестиция тартылған. Қазір аймақта шетелдік компаниялардың өкілдерімен бірлескен 42 жобаның іргетасы қаланды. 2015 жылы жалпы құны 32,3 млн АҚШ долларын құрайтын 4 жоба іке қосылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылдар жалғасуда. Қоғам мен мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін бұл індетпен күрес – тек құқық...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘДІЛЕТ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘДІЛЕТ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы және оның аумақтық бөлімшелері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

“АНТ АЛДЫНДАҒЫ АСҚАҚ АРМАН: ОТАНҒА АДАЛДЫҚПЕН БАСТАЛҒАН ЖОЛ”

“АНТ АЛДЫНДАҒЫ АСҚАҚ АРМАН: ОТАНҒА АДАЛДЫҚПЕН БАСТАЛҒАН ЖОЛ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент гарнизонының 10216 әскери бөлімінде ерекше тебіреніс пен мақтанышқа толы күн өтті. Көктемгі шақырылыммен келген 35 жас сарбаз салтанатты түрде...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.