Елбасының халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көшу туралы тапсырмасы бар. Осы тапсырмаға байланысты облыс тағы бір жаңа технологиялық форматта жұмыс істемек. Ол – «АШЫҚ ӘКІМДІК» жобасы. Бұл жөнінде өңір басшысы Б.Атамқұлов кешегі өткен есепті кездесуде мәлім етті. Оның айтуынша, аталған жоба 3 негізгі бағытты құрайды. Біріншіден – әкімдік тарапынан қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету болса, екіншісіден – барлық мемлекеттік қызметтер болашақта толық автоматтандырылған болуы қажет. Үшіншіден – жақын болашақта электронды қызметтердің порталы жасалатын болады. Бұл әкімшілік барьерлерді жойып, халыққа барлық мемлекеттік қызметтерді ашық және кедергісіз алуға мүмкіндік туғызады. Біз мұның барлығын «жең ұшынан жалғасқан» жемқорлықты жою мақсатында жасаймыз. Яғни, жақын уақытта азаматтар мен қызметкерлердің арасында тікелей қарым-қатынасты азайту мақсатында автоматтандырылған жүйелер енгізілетін болады, — деді аймақ басшысы.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова: халықты жұмыспен қамту...








