• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Сарыағашта оңды іс көп

05.02.2016
0

Халқының саны 320 мыңнан асқан Сарыағаш ауданы Оңтүстіктегі потенциалы  жоғары өңір. Әсіресе, шағын және орта бизнес өркендеп, қанатын кеңге жайған аймақтың асылы мақсаттары орындалып келеді. 2015 жылы салық  түсімін 1 млрд-қа артығымен орындаған аудан өрісі өз мүмкіндігін осылайша дәлелдеп отыр. Кәсіпкерліктің басты көзі жылыжайдың көлемін де 2017 жылға дейін 1000 га аумаққа көбейтуді жоспарласа, бүгіннің өзінде 570 гектардың межесінде. Облыста 55,8 пайыз, ал республикада 48 пайызы жылыжай көлемі Сарыағаштың үлесінде. Осы және өзге де атқарылған жұмыстарын аудан халқы алдында саралаған әкім Бұқарбай Пармановтың ауқымды тірліктері оң бағасын алып, әлі де өңірде қызметтік іскерлігін жалғастыруға қолдау тапты.

Сарыағаш аудандық мәдениет үйіне жоспарланған әкімнің есеп беру кездесуіне жиылған қалың қауым әдеттегіден ертерек келіп, хал жағдайын өзара сұрасып жатты. Алыс шалғай елдімекендердің ауыл билері мен  ел ағалары пікір алмасып, мәжіліс залының алдында қойылған көрменің жай-жапсарынан хабардар болды. Ғылыммен айналысып жүрген жас дарындардың қолөнер шеберлері жұрттың назарын өзіне ерекше аударса, шағын және орта кәсіпкерліктің даму көзіне айналған орталықтардың жасап жатқан жұмысы ел алдына таныстырылды. Бірлік пен ынтымақтың ерекше үлгісіндей болған бұл кездесу алдымен аудан әкімінің жалпы жұмыстар төңірегінде есеп беру баяндамасымен таныстырылды. Жай ғана таныстырылып қойған жоқ. Өзекті мәселелердің тапқан шешімі, халық проблемасының негізгі қайнар көзі сараланып,  мониторинг жасалды. Иә, халқының саны жоғары Сарыағаштың жалпы ішкі өнімі 2015 жылы 130 млрд. теңгені құраған.  Нәтижесінде, жалпы ішкі таза табыс 1 млрд-қа артқан. Оның ішінде кәсіпкерлік саласы бойынша 950 млн. теңге мемлекет қазынасына өндіріліп отыр. Үстіміздегі жылдың наурыз айына дейін 120 га жылыжай пайдалануға берілмек. Нәтижесінде жалпы көлем 700 гектарға жеткізіледі. Бұл дегеніміз, кәсіпкерліктің өрісін кеңейтумен қатар, облыстың көкөніс сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, жұмыссыздардың санын да азайтуға бірден бір мүмкіндік. Статистикаға сүйенсек, облыста өндірілетін жалпы көкөністің 1/3 пайызы дәл осы Сарыағаштық кәсіпкерлердің үлесінде. 25-fullАуданда инфрақұрылымды дамыту мақсатында жобалық сметалық құжаттамаларды әзірлеу  үшін 538 млн. көлемінде қаражат бөлініп, өз шешімін тапқан. Нәтижесінде, жарықтандыру, газ құбырларын тарту, ауыз проблемасын оңтайландыру қолға алынды. 26 ауылдық округте 154 елдімекен болса, табиғи отын 79 елдімекенде мүлдем қамтамасыз етілмеген. 2017 жылға дейін бұл мәселеге нүке қойылады деп отыр. Ал, құбыр суын тұтынатын ауыл саны 65 қана. Елдімекендердің тең жартысы ұңғыма, құдық, ашық су көздерін пайдалануда. Жарық мәселесінде де 81 елдімекен халқы дәл осындай күй кешуде. Өйткені, электр энергия қуаты жетіспейді. Сондықтан, әкімдіктің алдағы жылға жасаған Даму концепциясы жұрттың жанына батқан талай проблеманы шешуді көздеп отыр. Апатты әрі 3 ауысымдағы мектептердің мәселесін шешу үшін арнайы құжаттамалар әзірленіп қойған. Ал, туризмді дамытудағы жобалардың қарқыны тіпті ерек. Өйткені, тоғыз жол торабының нағыз орталығы болып табылатын ауданда шипажай аумағын 600 гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Елбасының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің қолға алуымен туризмді дамыту кластері ерекше назарға алынған. Сондықтан аудан аумағын аббаттандыру жұмыстары басталып та кеткен. Автомагистраль бойын кеңейту ісі қолға алынып, сәулеттік келбеті арта түскен. Аудан әкімінің саралы тірлігіне өзіндік бағасын берген ел ағалары халық игілігіне бағытталған әрбір жұмыстың орындалуына күнделікті куәміз деп отыр.  35-002Иә, Сарыағаштың қауымның лебізі мәдениет үйіне жиналған жандардың жүзінен ерекше байқалып отыр. Ынтымақ пен бірліктің ерекше үлгісіндей болған сыйластық, ауызбірлік әкімнің жұмысын еселей түсті. Сенімін арттырды. Біріге отырып, жұмыс жасайтын іскер басшының қарым-қабілетін көрсетті. Сондықтан да болар, облыс басшысынан  Бұқарбай Рысқұлұлын өз қызметін әрі қарай жалғастыруын сұрады.  Әлеуметтік мәселелермен қатар аудан басшысы рухани қолдау көрсетіп отыратынын біреу білсе, біреу білмейді. Бұл азаматтың нағыз тұлғасын айқындаса керек. Өйткені, жиынға біркісідей келіп, есепті кездесуді ұйып тыңдаған басқарма басшылары мен кәсіпкерлер де екі сағат бойы тапжылмастан жұмыстардың ретімен танысып отырды.

Салтанат Тойболова, Әбдімүтәлі Жұмаш

 

Previous Post

Оңтүстіктегі үш бірдей мектеп директоры лауазымына конкурс жарияланды

Next Post

Жергілікті полиция жұмысы жүйеленбек

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.