Бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық банк Төрағасы Данияр Ақышев пен Ұлттық банк Төрағасының орынбасары А.Ахметовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Еліміздің бас банкирі брифингте Қазақстан нарығындағы қаржылық ахуалдың бүгінгі жағдайы туралы әңгімеледі.Төрағаның айтуынша, қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде 2016 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша банктерге 15810 өтінім берілсе, оның 62 млрд. теңгеден астам сома болатын 10374 өтінімі мақұлданған. Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша берілген өтінімдер саны 1408-ді құрап, 4,3 млрд. теңгеге 1000 өтінім мақұлданған. Мұнан бөлек, кездесуде Д.Ақышев ЕДБ-дегі депозиттердің көлемі 36,6 пайызға ұлғайғанын айтты. «Ұлттық валютадағы салымдар 98,6 млрд. теңгеге дейін 4,7 пайызға өсті, шетел валютасындағы салымдар 216,5 млрд. теңгеге дейін 32,2 пайызға өсті», — деді Д.Ақышев. Сондай-ақ, бас банкир Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғарғы мөлшерін 10%-дан 14%-ға дейін белгілеу жөнінде шешім қабылдап, шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлеме 3%-дан 2%-ға дейін төмендетілгенін атап өтті. Айта кеткен жөн, Ұлттық банктің жеке тұлғаларға арнап шығарған жаңа депозиттік ставкалары теңге депозитіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында жасалып отыр. Жиын соңында Ұлттық банк Төрағасы журналистердің сауалдарына жауап берді.
ЕЛІМІЗ 10 АЙДА 48,4 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА ТАУАРЫН САТЫП АЛДЫ
Қазақстан электр энергетикасы тауарларын сатып алуда 42,6 пайыз импортқа тәуелді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мәлім етті. — Біздің...