Абай ауданының прокуроры Әбдутәліп Мұстафаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Абай ауданы прокуроры қызметінен босатылып, Бәйдібек ауданы прокуроры қызметіне тағайындалды.Әбдутәліп Халмахаматұлы 1963 жылы туылған, білімі жоғары, Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені — аға әділет кеңесшісі. Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1989 жылдың тамыз айында Гурьев облысы Гурьев қаласы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушыдан бастаған. Осы қала көмекшісі, аға көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы, облыс прокуратурасының сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, облыс прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры, бөлім бастығы міндетін атқарушы, Атырау облысы прокуратурасының бөлім бастығы, Жылыой ауданының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры, Сарыағаш ауданының прокуроры, облыс прокуратурасының басқармасының бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, басқарма аға прокуроры қызметтерін атқарған Әбдутәліп Мұстафаев бұл тағайындауға дейін Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры болып еңбек еткен.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....