№ 1 Шымкент қалалық балалар ауруханасында тыныс алу жолдары ауруымен қаралуға келген науқас сәбилердің саны күрт өскен. Әсіресе, пульмонология бөлімшесіне шұғыл жатқызылған жас балалардың саны соңғы бір айда едәуір артып отыр. Тәулігіне медициналық көмекке 100-ден аса науқас бала қаралса, оның тең жартысы жатып емделуге мәжбүр. Басты басымдылық бір жасқа дейінгі балаларда кездесуде. Тыныс алу дертімен ауырып, ауруханада баласымен ем қабылдап жатқан ананың бірі Гүлнұр Айымбетова. «Бозарық» мөлтек ауданының тұратын азаматша баласының қызуы қатты көтеріліп, ауырып жатқандығына байланысты жедел көмек шақыртқан. Нәтежиесінде 1 жастағы баласының тыныс алу жолы тарылғандығы анықталып, ауруханаға жатқызылған. Бүгінде, сәбидің жағдайы жақсы.
ПРЕЗИДЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Президентпен...