Тараз қаласында грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен өткен Қазақстан чемпионатында 66 келі салмақта жерлесіміз Магомед Чухалов чемпион атанды. Спортшы өз салмағында күрескен қарсыластарын тізе бүктіріп, жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, ел чемпионатында осы салмақта бақ сынаған жерлесіміз Асхат Жаңбыров күмістен алқа тақса, үшінші орынды да Күнгейдің сайыпқыраны — шымкенттік Әлихан Сатоев қанжығалады.
Еске салсақ, жарыстың алғашқы күні облыс қоржынына Әлімжан Сыздықов 98 келілер арасында қола медальға ие болған еді.
Ал еркін күрестен Акбар Елубайұлы чемпион атанып, Әлментай Бақдәулет пен Ержан Дүйсенбеков жүлдегер болды.
Нәзік жандылар арасынан Гүлшахрат Талаева мен Алтынай Сатылхан үздіктер қатарына ілікті.
Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова: халықты жұмыспен қамту...








