Оңтүстік Қазақстан облысына «Elit Metalurji» мен «Bilsa Kalıp» түрік компанияларының басшылық құрамы жұмыс сапарымен келді. Аталған компаниялар медицина, қару-жарақ, машина жасау және өзге де өндірістер саласында қолданылатын нәзік және дәл бөлшектерді жасап шығарумен айналысады. Сапардың басты мақсаты — өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнату. Түрік кәсіпкерлері облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кездесіп, аймаққа инвестициялау мүмкіндігі мен бірлескен жобалар құрудың жайын талқылады. Делегаттар «Karlskrona» және «Дезфумэкс» компанияларының өндірісімен танысып, жергілікті компаниялармен құю өндірісінде бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. ОҚО-ға сапары кезінде кәсіпкерлер «Оңтүстік» және «Қазақ-түрік» индустриалды аймағының жұмысымен танысты.
ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Сарыағаш шекара жасағы - еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда...