Оңтүстік Қазақстан облысына «Elit Metalurji» мен «Bilsa Kalıp» түрік компанияларының басшылық құрамы жұмыс сапарымен келді. Аталған компаниялар медицина, қару-жарақ, машина жасау және өзге де өндірістер саласында қолданылатын нәзік және дәл бөлшектерді жасап шығарумен айналысады. Сапардың басты мақсаты — өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнату. Түрік кәсіпкерлері облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кездесіп, аймаққа инвестициялау мүмкіндігі мен бірлескен жобалар құрудың жайын талқылады. Делегаттар «Karlskrona» және «Дезфумэкс» компанияларының өндірісімен танысып, жергілікті компаниялармен құю өндірісінде бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. ОҚО-ға сапары кезінде кәсіпкерлер «Оңтүстік» және «Қазақ-түрік» индустриалды аймағының жұмысымен танысты.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....