Осындай келісімге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвестор Хасан Альшабанмен сәрсенбі күні өткізілген кездесу барысында қол жеткізілді. Басқосу барысында әкім жобаның ЭКСПО-2017 халықаралық көрме қарсаңында ерекше маңызды екенін атап өтті және жобаны жан-жақты қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Альшабан Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің және әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айтып, өңір басшысын электр станциясының ЭСКПО-2017 көрмесінің басталғанына дейін іске қосылатынын сендірді. Айта кетерлік жәйт, шетелдік тарап 35 млрд. теңге көлемінде инвестиция салуға мүдделі және тұрақты жұмыс орнымен 50 жергілікті тұрғынды қамтамасыз етуді жоспарлауда. Қазақстандық тарап жобаны жүзеге асыруға Бәйдібек ауданынан 230 гектар жер телімін бөліп отыр. Сонымен қатар, араб инвесторы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында түйе шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытып отыр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ СNNC КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның аталған...