ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай оңтүстіктің еңбек ардагерлері марапатталды. Өз саласында жемісті еңбек етіп, өңірдің дамуына өзіндік үлес қосқандарға облыстық мәслихаттың 20 жылдығы ескерткіш медалі табыс етілді. Ерен еңбегімен ерекшеленген жандардың қатарында зейнет жасындағы екі бірдей генерал- Жеңісбай Сұлтанов пен Молдияр Оразалиевтар бар. Сонымен қатар, марапаттау рәсімінде 40 жыл бойы бір салада аянбай тер төккен дәрігер, ветеринар, ғалымдар мен өз ісінің шебері атанған кәсіпкерлер де мерекелік төсбелгіге ие болды. Қоғам дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткерлерді қабылдап, құрмет көрсеткен облыстық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Ержан өнегелі өмір жолымен жастарға үлгі болған жандар қашанда ұмыт қалмайтындығын атап өтті. Еліміздің азаттық алған мерекесі күні қарсаңында берілген сыйлыққа ризашылығын білдірген азаматтар еліміздің өркендеу жолында әлі де болса қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.
Қ.ТОҚАЕВ: АЭС — ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖОБАҒА АЙНАЛАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында АЭС құрылысы туралы жалпыұлттық референдум жөнінде пікір білдірді. «Орайлы сәтті...