Мәжіліске қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов, бөлім басшылары, аудан әкімдіктері, үй комитеттерінің өкілдері қатысты. Бейсенбек Жанбосынов қаланың 2016-2020 жылдарға арналған даму концепциясын жүзеге асыру шеңберінде жақын арада қолға алынатын шаралардың маңыздылығын атап өтті. Оның ішінде, қала әкімінің орынбасары, қосымша қоқыс алаңдары құрылысының қажеттелігі, аулаларды абаттандыру мәселелерін айта келе, кәріздік тазалау орындары қуаттылығының жетімсіздігі мен инженерлік жүйелердің тозуы туралы проблемаларды қозғады. Бүгінгі таңда 2000 жылы істен шыққан бес кәріздік желіні қайта құрылымдауға ЖСҚ дайындалып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, Бейсенбек Жанбосынов жолдарға асфальт төсеу, аяқжолды жөндеу, көшелерді жарықтандыру бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы баяндады.
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...