Бейсенбі күні қаламыздағы Абдул Хамид Қаттани мешітінде өмірден озған сарбаздар рухына құран бағышталды. «Бесінге» жиылған жамағат намаздан соң осыдан 41-күн бұрын Ақтау қаласындағы № 390-шы жеке гвардияның теңіз жаяу әскері бригадасындағы марқұм болған жауынгерлерді еске алды. Антына берік азаматтар отанға адал қызмет етті. Олардың есімі әрқашанда ел есінде қала бермек. Зейнеттегі полиция полковнигі Бекпатша Қасымов отан үшін қызметте жүріп бақилық болған жауынгерлер қашанда құрметке лайық деп есептейді.
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА
Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...










